Сәуле Досжан
Досжан Сәуле Мағазбекқызы 1959 жылы 2 қыркүйекте Алматы облысының Ұйғыр ауданының Ақтам ауылында туылған.
БІЛІМІ: Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика және Орталық – Азия Университетінің заң факультетін бітірген.
ЕҢБЕК ЖОЛЫ: 1977 ж. - «Социалистік Қазақстан (Егемен Қазақстан)» газеті мен «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Ұлағат» журналында, Қазақ радиосында қызмет еткен. 2003 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратында жауапты қызмет атқарған.
МАРАПАТТАРЫ: ҚР Президенті Жарлығымен «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ»(2015ж) атағымен және «ПАРАСАТ» орденімен (2023ж) марапатталған. 2022 жылдан ҚР Президенті жанындағы ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ мүшесі. Алматы облысының(2020ж) және Ұйғыр ауданының(2015ж) Құрметті азаматы атағы берілген.
Бірқатар мемлекеттік мерейтойлық медальдармен марапатталған.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ марапаттары:
2025 ж. «Түркі әлемі әдебиеті»(балалар әдебиеті)» президенттік сыйлығымен марапатталған.
2024ж.MECENAT.KZ -«Замануи Қазақстан туралы үздік роман сыйлығымен» «Өмір Бәйтерегі» романы марапатталды.
2024ж.ТҮРКСОЙ ұйымының «Түркі дүниесіне қызметі үшін» медаліне,
2023ж. «Japan-Eurasia Society» халықаралық Алғыс хатына (Tokyo) ие болған.
2021ж. Халықаралық «АЛАШ» әдеби сыйлығының иегері.
2018ж. Букер (Man Booker International Prize (Лондон) сыйлығының тізімінде болған,
2017ж. «Open Eurasian Literature Festival & Book Forum-2017» (Швеция) ,
Қ Ж Одағының және Халықаралық PEN клубтың мүшесі
Шығармашылығы: «Ауылдан шыққан миллионер» бестеллерінің, «Үлкен үйдегі үрей», «Қасірет пен тағдыр», «Үзілмеген үміт», «Жалғыздың жарасы», «Өмір бәйтерегі», «Біртуар» романдарының және 20-дан астам хикаят пен отызшақты әңгіменің, «Көктүріктер» комиксінің авторы.
«Жыр тәж», «Арман қала», «Менің жалғыз серігім» атты поэзия кітаптарының авторы.
Шығармалары орыс, испан, неміс, қытай, ағылшын, араб, француз, венгер, түрік, чех, башқұрт, якут және қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылған.
«Махаббат пен қасірет» спектаклі М.Әуезов театрының репертуарында қойылып жүр.
«Көктүріктер» либереттосының, «Маймақ қаз» мультфильмі мен ертегілер және 20 шақты әндер текстінің авторы.
Көп оқылғандар
12.11.2026
4498
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3599
12.11.2026
2116
15.11.2026
1753
17.11.2026
1501
17.11.2026
1242
13.11.2026
1027
13.11.2026
920
13.11.2026
879
16.11.2026
725
13.11.2026
705
03.11.2026
4972
21.10.2026
4852
28.10.2026
4777
22.10.2026
4749
12.11.2026
4498
20.10.2026
4315
04.11.2026
4283
13.11.2026
4234
14.11.2026
3800
12.11.2026
3599
28.10.2026
3549
20.10.2026
3282
06.11.2026
3127
22.10.2026
2273
11.11.2026
2228
