Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Айқын Нұрқатов
Айқын Нұрқатов (9.9. 1928, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданы Шұқыркөл ауылы – 16.4.1965, Алматы) – жазушы, сыншы, әдебиет зерттеушісі. ҚазПИ-дың филология факультетін (1950), аспирантурасын (1954) бітірген. Еңбек жолын 1950 жылы “Әдебиет және искусство” (қазіргі “Жұлдыз”) журналында сын бөлімінің меңгерушісі болып бастап, 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Әдебиет және өнер институтында кіші, аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. Әдеби зерттеулерінде сөз өнерінің көкейтесті мәселелерін, әдеби үрдіс пен әдебиеттер байланысын жан-жақты қарастырды, Абай, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Т.Шевченко, И.Байзақов, Х.Ерғалиев, Ә.Тәжібаев, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ғ.Орманов, т.б. қаламгерлер шығармасын сан қырынан талдады. “Абайдың ақындық дәстүрі” атты монографиясында Нұрқатов ақын шәкірттерін Абай дәстүрін жалғастырушылар және Абай үрдісін көркемдік-пішіндік тұрғыдан жалғаушылар деп екі топқа бөліп қарады. Нұрқатов зерттеулеріне логик. ой жүйелілігі, пікір айқындығы, тұжырымның дәйектілігі тән, оның еңбектерінде қоғамдық ой-пікір мен көркемдік эстетика талап ұштасқан.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
858
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
09.12.2024
850
Маржан Ершу. Пишта
11.12.2024
777
Юй Хуа. Соқыр ішек
10.12.2024
698
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
09.12.2024
605
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
12.12.2024
479
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
13.12.2024
337
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
10.12.2024
306
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
26.11.2024
7957
Қос шынар
25.11.2024
1942
Бір күні бәріміз оянармыз
21.11.2024
1678
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
18.11.2024
1622
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
03.12.2024
1390
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
20.11.2024
1350
Жасанды интеллект және әдебиет
27.11.2024
1300
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
25.11.2024
1120
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
02.12.2024
1112
Ясунари Кавабата. Аригато
18.11.2024
1043
Морфидтер түнде не істейді?
20.11.2024
991
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
19.11.2024
951
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
857