Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Адамның құны қанша?
Адамның құны қанша?
Рейтинг: 4
ISBN:
978-601-212-043-1
Беттер саны:
344
Жанр:
Рисала
Адамның құны қанша?

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, жазушы Оразбек Сәрсенбаевтың жаңа кiтабына оның соңғы жылдарда өндiрте жазып, күнделiктi баспасөз беттерiнде үзбей жариялап жүрген рисалалары енгiзiлген.

Бiрден көңiл аударарлық нәрсе – осы кезге шейiн әр түрлi жанрларда талантты шығармалар жазып, оқырман қауымға әбден танымал болған аға жазушымыздың бұл шығармалары әуелден-ақ талғампаз оқырманның назарына түсiп, жоғары бағаланған едi.

Қазақтың жазба әдебиетiнде ұлы Абайдың «Ғақлия сөздерi» бар. Осы «Ғақлия сөздер», бiздiңше, бiздiң жазба әдебиетiмiзде ежелгi Шығыс ойшылдарының өнеге-iзiмен жазылған ең алғашқы рисала жанрының үлгiлерi едi.

Аға жазушымыз О.Сәрсенбаев та Абай мұрасын әрi қарай жалғастыра отырып, жаңа мазмұндарды қамтитын, жаңа бiтiмдi шығармаларды дүниеге әкелген. Әдеби-көркемдiк тәсiлдерi мүлдем тосын, бiрақ оқырманға ұғымды, ой-зердеге жұғымды кiтап жазған. Бұл рисалаларда есте қаларлық аңыз-әңгiмелер (рауаяттар), адамзат ғылымының әр саласында ашылып жатқан ықылымдар, адам тану iлiмiндегi, психологиядағы иiрiм-құбылыстар т.б. қамтылады. Әрi осының бәрi автор таңдап алған тақырыптарды ашуға, болжауға қызмет етедi. Сонда осы рисалалар кiтабында автор қандай тақырыптарды қозғайды? Оны байқау үшiн рисалалардың атауына мән берiп, шолып шықсаңыз да жеткiлiктi көрiнедi. Мысалы: «Адамның құны қанша?», «Бақыт деген немене?», «Шындықтың шырайы қандай?», «Қанағат қағидалары», «Шайтанның шәкiрттерi», «Тура жолды iздеумен келемiз», «Табыну мен тағуттың арасында», «Әл-Фараби формуласы», «Махаббат пен ғадауат» т.б.

Осыншама iрi, күрделi тақырыптарды қамтитын кiтапты композициялық жағынан шашыратпай, тұтас дүние ретiнде тiзгiн ұстап тұрған Бас кейiпкер бар, ол – Тақуа әке бейнесi.

Тұтастай қарағанда, жазушының бұл еңбегiн әдеби-көркемдiк қазынамызға қосылатын елеулi шығарма ретiнде бағалауға болады.

Қатысты кітаптар
Өмiр – сынақ Оразбек Сәрсенбай
Алаш жолы Бейбіт Қойшыбаев

Көп оқылғандар