Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Әдеби жәдігерлер 17 том Атайи Диуан Ғазалдар
Әдеби жәдігерлер 17 том Атайи Диуан Ғазалдар
Рейтинг: 5
ISBN:
978–601–264–096–0 (17-т.)
Беттер саны:
480
Жанр:
Жыр
Әдеби жәдігерлер 17 том Атайи Диуан Ғазалдар
Оқырманға ұсынылып отырған «Əдеби жəдігерлер» сериясының 17-ші томына орта ғасырларда өмір сүрген көрнекті түркі ақыны Шайықзаде Атайидің «Диуан» атты ғазалдар кітабы еніп отыр.

Атайи мұрасына қызығушылық орта ғасырлардан басталған. Түркі халықтарының ұлы ақыны, ойшылы Əлішер Науаи өзінің «Мəжəлисун-нəфəис» («Жақсылардың мəжілістері») атты шығармасында Атайи өмірінен деректер келтіріп, оның Исмайыл ата перзенттерінің бірі болғандығын  айтады. Ал Исмайыл ата түркі ғұламасы Қожа Ахмет Иасауидің Ибраһим деген інісінің ұлы екендігін парсының ұлы ақыны Əбдірахман Жəми өзінің «Нəсəимул-мухəббəт мин шəмəил-футууəт» атты шығармасында атап өтеді. Қ.А. Иасауи ілімін жалғастырушылардың бірі болған Исмайыл ата қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрбат деген жерінде туған. Исмайыл атаның ұлы Атайи де осы жерде дүниеге келгенімен, өмірінің маңызды бөлігін сол замандағы өнер-білім мен ғылымның орталығы болған Балх жəне Герат қалаларында өткізген. Ақын туралы бұдан басқа деректер жоқ.
Қатысты кітаптар
Бабалар сөзі 81 том Әлбеков Тоқтар
Бабалар сөзі 82 том Әлбеков Тоқтар
Бабалар сөзі 89 том Қ Алпысбаева.
Рухнама 3 том Исраил Сапарбай
Бабалар сөзі 46 том Серікбай Қосан
Бабалар сөзі 47 том Серікбай Қосан

Көп оқылғандар