КІТАПХАНА
Жыр (көне түркі тілінде - иыр)
1) кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Көне түркі тіліндегі "иыр" сөзі де қазіргі "поэзия" терминінің мағынасында қолданылған. Бұл атау дәл осы мағынада қазірғі қарақалпақ, қырғыз, ноғай, қарашай, балқар, башқұрт, татар, тағы басқа түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданылады;
2) тар мағынада - қазақ халық поэзиясындағы 7 - 8 буынды өлең өлшемі, поэзиялық шығарма жанры. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихи жырлар, лиро эпостык жырлар, жоқтаулар, жыраулар поэзиясы, толғаулар, термелер, тағы басқа түгелдерлік поэзияның осы өлшемдегі үлгісіне құрылған. Поэзиядағы бұл жанрды жазба әдебиет өкілдері де (Абай, С.Торайғыров, тағы басқа) орнымен пайдаланған. Буын санының бірқалыпқа түсіп тұрақтануы - Жыр жанры дамуының соңғы кезеңдерінде пайда болған құбылыс. Ежелғі замандардағы Жыр өлшеміне аралас буын тән болған. Мұндай өлшем қазақ халкының толғауларында, ногай халқының йырларында, башкұрт халқының қобайырларында, қырғыз халқының санатында сақталған. Тармақтарындағы буын саны 7-ден 15-ке дейін жетеді. Аралас буынды үлгілер батырлар жырында да кездеседі.
Поэзияның басқа өлшемдеріндегі өлең жолдары тұтаса келіп, шумақ құраса, Жыр тармақтары тирада түрінде шоғырланады. Тарихи генетикалық тұрғыдан тирада үлгісі шумақтан бұрын қалыптасқан. Демек Жыр өрнегі озге өлшемдерге қарағанда әлдеқайда ерте туған. Жырдағы тирада үлгісіндегі тармақ пен ұйқас мөлшері және олардың арақатынасы қатаң сақталмай, жиі өзгеріп, құбылып тұрады. Дәл осы қарапайым ерекшелікке көпке дейін ғылымының мән берілмегендіктен, Жырда басқа өлшемдегідей егіз, кезектес, шалыс ұйқас түрлері болады деп есептелініп келді, олардың жалпы саны 10-ға дейін жеткізілді. Мұндағы басты қателік тирада ішіндегі ырғақтық үзілістерді шумаққа теңгеруден туған еді. Кейінгі арнайы зерттеулер Жырдың тармағы мен ұйқасы тирада пішініне ғана тән заңдылықтарға негізделіп түзілетінін айқын дәлелдеп берді. Жырдың ұйқасы дара ұйқас (монорифма) және аралас ұйқас (полирифма) болып бөлінеді. Аралас ұйқас негізгі ұйқас пен қосымша ұйқастардан тұрады.
Көп оқылғандар
Толымбек Әбдірайым. ҚОШ БОЛ, ВАЛЬС (Деректі әңгіме)
«Дат, тіршілік, патша-ғұмыр алдияр...»
Қайран, біздің шешелер, арды ойлаған...
Күйреген сенім. К. Ашватха Нараянанрао
Қазақ поэзиясының тарланы Темірхан Медетбек өмірден озды
Дәуірбек Дүйсебай. Байқалдай көл айтады естілігін...
Маржан Ершу. Хиуаз (поэма)
Өнерпаз төрт ағайынды
Майдангер қаламгерлер туралы кітаптардың тұсауы кесілді.
Асан Омаров. АБАЙДЫҢ ТОЛЫҚ АДАМ ТУРАЛЫ ІЛІМІ
Ана – мейірім мекені
Шолпан Балманова. Өмірден түйген ойлар
«Таласбек» сыйлығына өтінім қабылдау басталды!
Басуға тыйым салынған кітап
23 сәуір – Ұлттық кітап күні
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Майдангерлер әзілінен
Толымбек Әбдірайым. ҚОШ БОЛ, ВАЛЬС (Деректі әңгіме)
Қазамен хайп қазаққа керек пе?
Ар безбені (әңгіме)
Үш тағаны берік ақын
Туған жерінен күштеп көшірілгендер трагедиясы жайлы кітап
«...КІТАПТАР бізді жазады»
«ДАРЫН» БАСПАСЫНЫҢ БИІГІ
Елімізде «100 кітап» сауалнамасы басталды
«Абдолла» поэмасы – ерлік пен оттың одасы
«Дат, тіршілік, патша-ғұмыр алдияр...»