Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Алдан Смайылдың шығармалары. Көп томдық. 3-том
Алдан Смайылдың шығармалары. Көп томдық. 3-том
Рейтинг: 0
ISBN:
978-601-302-229-1
Беттер саны:
0
Жанр:
Алдан Смайылдың шығармалары. Көп томдық. 3-том
Бұл кітапқа жазушы, публицист, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алдан Смайылдың ежелгі Ақмола – Қараөткел өңірінің тарихын ұзақ уақыт зерттеудің нәтижесінде жазылған тарихи-деректемелік туындысы енген. Шығармада осы аймақтың және өңірдің саяси-әлеуметтік орталығы болған қаланың бірнеше ғасырғы тарихы нақты мұрағаттық деректермен баяндалады. Кітапта Батыс Еуропа, Араб – Иран, Қытай және Ресей тарихшылары мен саяхатшыларының мәліметтері кеңінен пайдаланылған. Еңбектің ерекшелігі ретінде аталған өңірде билік құрған тарихи тұлғалар туралы мол мағлұматтар берілгендігін айтуға болады. Зерттеуде Ақмола – Қараөткел аймағының байырғы елі туралы да тарихи деректерге кеңінен орын берілген.
Сонымен қатар қазақ жерін бағзыдан мекендеген тайпалардың, оның ішінде ғұндар мен арғындардың көне тарихы нақты деректермен баяндалған. Туындыда Қытайдың орта ғасырларда, одан да бұрын өмір сүрген Мунн Ли, Ма Шаңшу секілді саяхатшыларының зерттеулері, VІІІ-ІХ ғасырларға тиесілі «Манихейская сочинения», «Записка Янычара», т.б. құнды ғылыми-шежірелік мұралар молынан пайдаланылған. Біздің заманымызға дейінгі және дәуір бастауындағы кезеңдерде Ұлы Далада болған тағдырлы шайқастар мен оқиғалар нанымды суреттеледі.
«Арғын баяны» еңбегі де тарихи деректердің молдығымен ерекшеленеді.
Шығарма публицистикалық бейнелі тілде жазылып, қалың оқырманға арналған.
Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар