Алдан Смайыл
Алдан Зейноллаұлы Смайыл (3.10.1946 жылы туылған, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылы) – жазушы, публицист. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005). ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген (1970). Еңбек жолын 1970 жылы Қазақ радиосынан бастап, 1975 – 90 жылдары Целиноград (қазіргі Ақмола) облысы “Коммунизм нұры” газетінің бөлім меңгерушісі, 1990 – 95 жылдары Ақмола облысы “Тіл және мәдениет” қоғамының төрағасы, “Қараөткел” газетінің бас редакторы, 1995 – 97 жылдары Ақмола облысы телерадио компаниясы төрағасының орынбасары, 1997 – 2002 жылдары Қазақстан телерадио корпорациясы Астана студиясының бас директоры, 2002 – 07 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Астана бөлімшесінің директоры, “Астана жазушыларының кітапханасы” редакциясының бас редакторы қызметтерін атқарды.
2007-2011 жылдары - ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылдан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі. «Астананың 10 жылдығы» (2007 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж.) медальдарымен марапатталған.
Тұңғыш көркем шығармасы “Тамыздың таңы” 1979 жылы жарық көрген. “Ақ жалын” (1982), “Найзақара” (1985), “Сағынтып келген көктем” (1987), “Арқаның Бетпақ деген даласы бар” (2000) повесть, романдарында адам мен қоғам, өмір мен өлім жайлы философиялық ой толғайды. Халықаралық “Алаш” (2005), Қазақстан Журналистер одағының (2002), “Тамұқтан келген адам” романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алған (2006). Д.Сэллинджердің “Жар жағалаған жалғыз” романын қазақ тіліне аударған (2005)
Көп оқылғандар
22.10.2026
4223
22.10.2026
1829
26.10.2026
1546
28.10.2026
1185
22.10.2026
1132
22.10.2026
850
27.10.2026
806
26.10.2026
756
27.10.2026
726
22.10.2026
691
22.10.2026
429
25.10.2026
383
21.10.2026
4373
22.10.2026
4223
20.10.2026
3367
07.10.2026
3275
15.10.2026
3208
20.10.2026
2913
09.10.2026
2862
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2279
05.10.2026
2272
30.09.2026
2168
08.10.2026
2128
15.10.2026
2114
