Алуа
Жетісудың жыр өлкесіне, өнер мен әдебиет айдынына жаңа толқынның келіп қосылып жатқаны қуантады. Гүлбақыт Қасенованың поэзиясында жанына тән нәзіктік, әдемілік, жылы, иірімді бейнелермен қатар, азаматтыққа тән асқақ ойлар да жетіп артылады. Туған жер, дәстүр, ана тілі туралы толғаулары өзінің перзенттік парызын өтегісі келген жанның тәбәрігі тәрізді.
Оның әрбір өлеңінен өмірден өзгеше жол, соны соқпақ, жан дүниенің тазалығын, ардың адалдығын іздеген адам сол қасиеттерді таба алатынына сенімдіміз.