Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Ақиреттік аманат
Ақиреттік аманат
Рейтинг: 0
ISBN:
9965-10-105-1
Беттер саны:
384
Жанр:
Эссе Очерк
Ақиреттік аманат
Белгілі қаламгер, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Қорғанбек Аманжолдың «Ақиреттік аманат» атты осынау прозалық кітабына әдеби эссе-толғамдары, көркем очерктері, жолжазба сапарнамалары және белгілі тұлғалармен сұхбаттары топтастырылған. Олар бүгінгі биік өрелі оқырман талғамына сай, танымдық тұрғыдан қызғылықты, сүбелі дүниелер дей аламыз. Замана сарынына үн қосқан шығармалардан ешкімді бейжай қалдырмас шынайы шабыт толғанысын, зерделі пайым сарабын, өзіндік ой бұрқанысын, тілдің көркем кестесін көреміз.

 
Автор тағлымы мол, тақырыбы біртұтас етіп жүйеленген тартымды кітап жасап шыққ ан. Мұнда өткен тарих та, бүгінгі заман келбеті де, мәдениет пен өнер, елдік пен ерлік, ғибрат пен зұлмат, жарқын бейнелер мен жасын мінездер – бәрі бар. Кітапты тұтас оқып шыққ анда әлемге танылған Қазақ­станның, тәу етер Тәуелсіздігіміздің сұлбасы қатар өрнектеліп отырғандай әсерге бөленеміз.

 
Кітап қалың оқырман қауымға арналған.
Қатысты кітаптар

Көп оқылғандар