Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы
Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы
Рейтинг: 3.5
ISBN:
978-601-209-186-1
Беттер саны:
464
Жанр:
Эссе
Шәмші Қалдаяқов – ән патшасы

Дүние дөңгелеп, заманалар зырғып, мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында тəуелсіздікке қол жеткізіп, егеменді ел атанған Қазақстанның «Мəдени мұра» бағдарламасымен «Қазақтың мың əні мен мың күйі» жарыққа шығып, əлемге паш етілді. Осы тұста Қорқыт Ата, Құрманғазы, Тəттімбет, Ықылас, Қазанғап, Дəулеткерей, Байсерке, Сүгір сынды күй тарландары мен Ақан, Біржан, Мұхит, Əсет, Естай, Жаяу Мұса, Кененсе кілді халықтың əн дəстүрлерін уақыт ағымымен алға апарушы дарабоздар дың өткен ғасырдың екінші жартысындағы ту ұстаушысы – композитор Шəмші Қалдаяқов жөнінде көрнекті жазушы Еркінбай Əкімқұлов өзінің замандық терең толғаныспен жазылған роман-эссесін алға тартып отыр. Автор осы роман-эссенің кейіпкері – қазақтың дара тұлғалы ақеділ композиторы Шəмші Қалдаяқовпен албырт жастық шақ кезеңдерін: небір жарқын жылдары мен айтулы күндерін бірге өткізген жəне соның бəрін мықтап жадында тұтқан. Əйгілі қаламгердің осы өмірбаяндық шығармасы – ХХІ ғасырдағы қазақ оқырмандары үшін Шəмші Қалдаяқовтай биік тұлғаны көркем ой-көсемсөзбен өрнектеп жасаған ордалы ескерткіш.

Бұл шығарма «Шəмші Қалдаяқовтың əндері...» десе, бөркін аспанға ататын, тойлар мен сахналарда оның əсем əуендерін дүркірете айта жүріп, композитордың жеке өмірін терең білгісі келетін қалың қазақ қауымына арналып отыр.

Шығарма бастан-аяқ Шəмшінің өз атынан өрбиді.

Қатысты кітаптар
Шығармалары 5 том Сафуан Шаймерденов
Шығармалары 5 том Сырбай Мәуленов
Шындық шырағы Гүлнар Дулатова
Иірім Қадыр Мырза Әли

Көп оқылғандар