Аран
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ – қазақ прозасының белгілі шеберлері С.Мұратбеков, Ш.Мұртаза, М.Қаназов, Н.Дәутайұлы және М.Байғұттан бата алған қаламгер.
Ол өз шығармашылығында ең әуелі суреткерлікті мұрат тұту арқылы бұрынғы-соңғы классиктердің дәстүрлі үлгісін жаңашылдықпен алға апаруды ниет етіп келеді. Бұған оның “ХХІ ғасыр прозасы” сериясына еніп отырған “Оқшаулау”, “Әбдіқадірдің моншасы”, “Шарбақтының жалғызы” “Аран”, “Шаншудың балконы”, ‘Қайнарбектің қаны”, “Соп-тиак-ти” және “Электортат” деген сияқты тағы басқа әңгімелері дәлел.
Жазушы қиялынан туған хикаяттары мен ғақлиялары және ертегілері де түйсікті оқырман үшін тамыры терең, тұңғиығы тылсым дүние.