Аты жоқ әңгіме
Қазіргі қазақ прозасында жанрлық жаңалықтар, жанрлар үшін жаңа өрістер ашқан жазушы Несіпбек Дәуітайұлы әлемдік әлеуметтік – психологиялық әдебиеттің жауһар жетістіктері мен ұлттық уызды, дәстүрлі прозаның гауһар дүниелерін шебер үйлестіре, жарыстыра жазуға жеткен суреткер. Кітапқа енген шығармалары уақыттың үнін, қоғамыңыздың құнын, адамның сұрын өзгеше бедерлеуімен қызықтырады. Өмір құбылыстарын көркем зерттеуде талантқа тән азаматтық ұстанымынан айнымайды. Поэтикалық орамдары шығармаларының өн бойында «қулай соққан қоңыр желдей» есіп отырады.