Əлемдiк философиялық мұра 17 том
Бұл том философияның маңызды бөлімінің бірі – мәдениет философиясына арналған. Оған ХХ ғасырдың белгілі философтарының мәдениет философиясы мәселелерін қамтыған және шешетін негізгі зерттеулері енген. Осы томда В. Виндельбанд, О. Шпенглер, Н.А. Бердяев, А. Швейцер, Н. Элиас, П. Тиллих, С. Хантингтон және басқалардың шығармаларынан үзінділер берілген. Бұл зерттеулер жалпыұлттық қазақстандық бірегейлік идеясын белсенді іздеуде Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуы үшін маңызды әрі қажетті болып табылады.