Ғылыми-танымдық әдебиет
Ғылыми-танымдық әдебиет – белгілі бір ғылым туралы, сол ғылымды дамытқан ғалымдар жөнінде жазылған шығармалардың жалпы атауы. Ғылыми-көпшілік әдебиет, негізінен, сол саланың маманы емес адамдарға түсінікті тілмен жазылады. Тақырыбы жағынан ғалымдар ғұмырнамасын, іргелі және қолданбалы ғылымдар саласын, жиһанкездер саяхатын, т.б. қамтиды. Ғылыми-көпшілік әдебиет ғылымның жетістігін көпшілік қауымға насихаттаушы болып табылады. Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» және М.В.Ломоносовтың «Шынының пайдасы туралы хаты» осы бағытта жазылған шығармалардың алғашқылары. Кейін Ф.Ф.Павленконың «Пайдалы білімдердің кітапханасы», В.В.Лункевичтің «Ғылыми-танымдық кітапханасы», «Тамаша адамдар өмірі» (200 кітап), т.б. елеулі еңбектер жарық көрді. Қазақ тілінде жарық көрген «Өнегелі өмір» сериясын, «Негеш», «Шаңырақ» энциклопедияларын осындай еңбектер санатына жатқызуға болады.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1571
28.10.2026
1552
28.10.2026
901
27.10.2026
870
26.10.2026
773
27.10.2026
759
28.10.2026
431
24.10.2026
390
25.10.2026
386
28.10.2026
367
28.10.2026
301
23.10.2026
256
25.10.2026
243
23.10.2026
216
21.10.2026
4382
22.10.2026
4233
20.10.2026
3373
07.10.2026
3281
15.10.2026
3211
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2573
09.10.2026
2288
05.10.2026
2284
30.09.2026
2172
08.10.2026
2129
15.10.2026
2117
14.10.2026
1874
