Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Классикалық зерттеулер 8 том
Классикалық зерттеулер 8 том
Рейтинг: 5
ISBN:
978-601-7414-04-7
Беттер саны:
376
Классикалық зерттеулер 8 том

Қазақ театртану ғылымы ұлттық сахна өнерінің алғашқы қадамдарымен бірге басталған. Бұл кітап осы қазақ өнертану ғылымының ішінде жеке сала болып дамыған театр өнерінің қыр-сырын зерттеп жазған, теориялық және практикалық тұрғыдан ашып көрсеткен, бүгінде тарихқа айналған беттерін қайта тірілтеді.

Осы салада жоспарланған үш томдық еңбектің «Қазақ театртану ғылымы (қалыптасу кезеңі» атты томында ХХ ғасырдың басында елінің серкесі болған қазақтың біртуар танымал тұлғаларының ұлт театр өнеріне қатысты мақалалары жинақталып берілді. Бүгінде сарғайған газет бетінде библиографиялық сирек кездесетін дүниеге айналған бұл материалдар кешегі күннің жанды хаты. Ұлттық сахна өнерінің бастау көзінде оның ұстанған бағыт-бағдары, драматургиясы, режиссурасы, репертуары, орындаушылық өнері жайлы баға жетпес құнды деректер алғаш рет бір кітапқа жинақталды. Мұнда қазақ театр өнерінің кезеңдік келбетін ашатын көркемдік құндылығы жоғары классикаға айналған зерттеу мақалалармен бірге, көлемі шағын болса да өз заманының тынысын танытатын, ұлт театрының келбетін ашуға көмектесетін, бір мәселеге бірнеше автордың қарама-қайшы пікірін тудырған материалдары да қатар берілді. Мақалалар арнайы жазылған түсініктермен қамтамасыз етілген.

Бұл еңбек ұлттық театр өнерін зерттейтін мамандарға, Р&D докторанттары мен магистранттарына, жоғары және арнайы орта өнер оқу орындарының студенттеріне, қазақ сахна өнерінің тарихы мен теориясына қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.

Көп оқылғандар