Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Классикалық зерттеулер 9 том
Классикалық зерттеулер 9 том
Рейтинг: 4
ISBN:
978-601-7414-09-2
Беттер саны:
368
Классикалық зерттеулер 9 том

Бұл кітапқа XX ғасыр басындағы Алаш әдебиеттанушылары А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» және «Научный доклад на Первом Всесоюзном Тюркологическом съезде» атты баяндамасы; Ә.Бөкейханның «Батыр Бекет», «Мырза Едіге», «Роман бәйгесі», «Роман деген не?», «Ән, өлең һәм оның құралы», «Кітап сыны», «Всеволод Иванов» сынды мақалалары; Халел Досмұхамедұлының «Аламан», «Диуани Лұғат ат-Түрк», «Қазақ халық әдебиеті», «Шернияз шешен», «Кенесары-Наурызбай», «Мұрат ақынның сөздері» атты негізгі зерттеулері енгізілді.

Аталған зерттеулердің Тәуелсіз кездегі қазақ ғылымына қажет екені айқын. Кітаптың мазмұны қазақ әдебиетінің тарихы, сыны, теориясынан мол мағлұмат береді. Классикалық іргелі зерттеулер қазіргі әдебиет туралы ғылымның құндылығы болып табылады, сондықтан бұл кітап әдебиеттанушы ғалымдарға және жалпы оқырманға арналады.

Көп оқылғандар