Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Мәңгітас
Рейтинг: 3
ISBN:
978-601-7401-02-3
Беттер саны:
576
Мәңгітас

Романда көне Қазақияны, Темір-қапық пен Қыдырхан арасын ен жайлап, батыс пен шығысқа ат жалында қанат қаққан, даланың өр төсінде елдік құрған көк түріктер тарихының көркем шежіресі жасалған. Әсіресе, Түркі халқын, елін, төрін Табғаш (Таң империясы) бодандығынан құтқару, мемлекетті қайта құру жолында «қара терін ағызып, қызыл қанын төккен», Түркі елі, жері үшін «ісін, күшін берген» Елтеріс, Қапаған, Білге қағандар мен олардың үзеңгілестері Тоныкөк, Күлтегін, Баға Тәңіркен, Күллі-чор секілді даналардың, ел қорғаған егейлердің образын ершімді сомдаған. Түркілердің түп Отанын – елін, жерін тебірене толғау арқылы автор оқырманын Орхон бойындағы көне мәңгітастар рухымен тербейді.

Кітап ел мен жер тарихын сүйіп оқитын, оның ертеңін ойлайтын зиялы қауымға, жалпы оқырман жұртшылыққа арналған.

Көп оқылғандар