Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Ойкөз
Рейтинг: 5
ISBN:
978-601-7074-35-7
Беттер саны:
412
Жанр:
Зерттеу
Ойкөз

Филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Уәлихан Қалижановтың «Ойкөз» жинағына әдеби зерттеулері мен әдеби портреттері енгізілген. Кітапта қазақ әдебиеті тарихының күнгейі мен көлеңкесі, тарихи тұлғалар туралы тың деректер ғылыми айналымға қосылып отыр.

Қазақ әдебиетінің классиктері мен соңғы буын өкілдерінің ұлттық құндылықтарға құрылған әңгімелері талданады. Ғалым әрі жазушы-публицист ретінде заман мен уақыт, қазақ тарихында қалған ұлтымыздың ұлы тұлғалары туралы ғылыми-танымдық эсселері көркемдігімен, соны деректерімен оқырманды баурап алады.

Кітап әдебиеттанушы ғалымдарға, сондай-ақ әдебиет сүйер көпшілік қауымға арналған.

Көп оқылғандар