Өлең мен өмір
Өмірдің қилы сәттерін ғұмырлы өлеңдермен өрнектеудің азабын ақындар арқалайды. Әр ақын — әдебиеттің бір тіні екенін есепке алсақ, бір отауға жиналған әр тін жұртымызға ортақ түгел сөздің тұтас кілемін тоқиды. Қазіргі кемелденген қазақ поэзиясы — соның бір мысалы.
Белгілі ақын Ертай Ашықбаевтың әдеби мақалалары топтастырылған бұл кітап — әдебиетімізге олжа салған әр буын ақындарының әрқилы қолтаңбаларының ерекшеліктері һәм бүгінгі қазақ поэзиясы туралы жаңаша толғамдар, байыпты байламдар.