Өз елім менің – өзегім менің
Еліміз тəуелсіздігін алған жылдар ішінде жас мемлекетіміздің қалыптасу кезеңіндегі сан алуан оқиғаларға үн қосқан, қоғамымыздың қолы жеткен жақсылығына қуанып, кемшілігін түзетуге атсалысқан автордың бұл – азаматтық тұғырнамасы десек те болады.
Ұлтымыздың рухы жасымай, рухани дүниеміздің кедейленбеуін, мемлекеттік тіл мəртебесінің өз дəрежесінде қолданысқа түсуін, саяси-экономикалық дербестігіміздің нығая беруін назарда ұстайды. Сондай-ақ, танымал тұлғалармен құрған сұхбаттарында халқымыздың кешегісі мен бүгінгісі, болашағы хақында, күрмеуі күрделі мəселелер жөнінде пікір алысады, ой толғайды.
Кітап көпшілік қауымға арналған.