Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Қарасөз Қазақ прозасы туралы ойлар
Қарасөз Қазақ прозасы туралы ойлар
Рейтинг: 0
ISBN:
978-601-7317-38-6
Беттер саны:
600
Қарасөз Қазақ прозасы туралы ойлар
«Қарасөз» – көрнекті әдебиет сыншысының толайым қазақ прозасына арнаған жанрлық-тақырыптық тұтас сын кітабы. Жұлын-жүйкесі бүтін біртұтас сын кітабына Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Т.Әлімқұлов, Ә.Кекілбайұлы, М.Мағауин, Д.Исабеков және сыншымен қанаттас бір буын прозашылардың тұлғалық талдамасы («Дарын даралығы»), сондай-ақ қазақ романы, повесть, әңгіме жанрының қалыптасуы, өсу-өркені жайында толғаныстары ( «Жанр жаңалығы») еніп отыр. Сонымен бірге «ізденгіш сыншы» (Қ.Сұлтанов) экспериментке барып «Бір роман» (С.Мұқановтың «Адасқандар» романы), «Бір хикаят» (Ш.Бейсе- нованың «Сүзгенің соңғы күндері» повесі), «Бір әңгіме» (Д.Әшімханұлының «Тасқала» әңгімесін) атап, жеке шығарманы бас-басына лабораториялық тұрғыдан арнайы талдайды. Мейлі шығармашылық тұлғаға ден қойсын, мейлі әдеби процеске зер салсын, қандай шығарманы да буынынан ұстап талдайтын, төгілдіре толғай- тын эстет сыншы «таңқалдыра біледі, тамсандыра біледі» (Ә.Кекілбайұлы) мақалаларында.

Кітаптың тілі нәрлі, ой сараптамасы ойландырарлық.

Көп оқылғандар