Қылмыс 4 том
Қазақ əдебиетінің классигі, Шынжаңдық қандасымыз Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романы Қазақстанда бірінші рет толық жарияланып отыр. Романның алғашқы екі кітабы түрмеде жазылған. Бұл – дүниежүзі тарихында бұрын-соңды болмаған құбылыс. Жазушының теңдесі жоқ ерлігі.
Роман жанры жағынан мемуарға жатады. Алайда, шығарма жеке адамның өмірімен шектелмейді, Шынжаң қазағының жарты ғасырлық тарихын қамтиды. Бүгінгі ұрпақ ұлттық езгінің не екенін, отаршылдық зорлықтың небір түрін осы романнан білетін болады.