Техника ғылымдарының докторы, профессор Сейіт-Қасым Байбековтың «Гүн Ата» атты кітабы оқырманды елең еткізер шынайы оқиғалардан құрылған танымдық мәні зор, шыншыл шығарма. Кітап жүйелі оқиғалар тізбегі арқылы бір-бірімен сабақтасып, оқырманды баурап алады. Шығарманың басты кейіпкері Мұртазаның тылсым табиғат күші салдарынан ешбір қару-жарақсыз және құрал-саймансыз тас дәуірі заманындағы киелі де қарт Қаратаудағы Ана сайды мекендеген жабайы каннибал адамдармен бірге бір жарым жыл таңқаларлық үлгілі де, өнегелі өмір сүріп, елге аман-есен оралғаны туралы шынайы баяндалады. Аузы дуалы, сөзі уәлі профессор шытырман оқиғалар желісінен сөзбен сурет сала білген. Қазақ тілінің шұрайы мен шырайын шебер қолдана отырып айтқаны шын, көргені рас өмір өрнегін көркем кестелейді. Кітап жалпы әдебиет сүйер оқырман қауымға арналған.