Серік Негимовтың шығармалары. Зерттеулер. 1-том
Зерттеуде қазақ өлеңінің мелодикалық-интонациялық құрылысы, дыбыстық жүйесі, ырғақтық кестесі, ұйқас табиғаты, ұлттық ауызша поэзиядағы бейнелі сөздер жүйесі, жыраулар тілінің образдық-метафоралық, лексикалық-фразеологиялық қабаттары, фольклорлық стилистика, ұлттық рухани дүниетанымның ерекшеліктері, сөз-ұғымдардың, сөз-образдардың, сөз-символдардың поэзиялық қолданысы, мәні мен мағынасы, әдеби-эстетикалық һәм көркемдік заңдылықтары, поэзия мен жаратылыс байланыстары, сөз бен образдың этнографиялық, тарихи негіздері, көркемдік дәстүр мен эстетикалық ойлау табиғаты сараланып талданады.
Сондай-ақ қазақ сал-серілерінің өнерпаздық болмысы жан-жақты зерделенеді.