Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Шығармалары 4 том
Шығармалары 4 том
Рейтинг: 5
ISBN:
978—601—293—961—3
Беттер саны:
344
Жанр:
Шығармалары 4 том

Бұл томға Мiржақып Дулатұлының ағартушылық бағыттағы еңбектерi, көп жылдық мұғалiмдiк тәжiрибесi негiзiнде жазылған оқу құралдары, оның журналистiк қызметiнде маңызды орын алатын тұрақты тақырыптардың бiрi — денсаулық сақтау мәселесiне байланысты шығармалары мен нақты кеңестерi, балаларға арналған шағын да болса тәрбиелiк мәнi зор еңбектерi енгiзiлген. Бұлардың бәрi де Алаш ардағының бұдан бұрынғы томдарына кiрген көркем шығармалары мен көсемсөз үлгiлерiнiң қисынды жалғасы, автордың жанкештi қайраткерлiк және әсiресе ұлағатты ұстаздық қызметiнiң айқын дәлелi.

Мiржақып Дулатұлының әр кезеңдегi бұл өмiр деректерiне толы еңбектерi зердемiздi нақты мағлұматтармен толықтыратын құнды ақпарат көзi деп бағалауға болады.

Қатысты кітаптар
Шыңырау Әбіш Кекілбайұлы
Күй Әбіш Кекілбайұлы
Ананың анасы Ғабит Мүсірепов

Көп оқылғандар