Шығармалары VI том
Қай заманда да халықтың мұңын жоқтап, сөзін сөйлеген от ауызды орақ тілді азуды ақындар болған. Солардың жүрегінен көктеп өскен бір бұтақ - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықарлық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, Шешенстан (Ішкіжерие) Республикасының Мемлекеттік сыйлығы мен "Къоман сий" (Ұлт намысы) платина (ағалтын), алтын және күмістен жасалған рубин (жақұт) тасы еңгізіліп безендірілген орденіның және Ресей Федерациясының Сергей Есенин алтын медалінің иегері, көрнекті ақын Рафаэль Ниязбектің бұл алтыншы томдығына дауылпаз Махамбеттің қилы тағдыры, ол ғұмыр кешкен аумалы-төкпелі уақыттың улы зардабы, сабылған ердің шерменде өмірі өрелі де шынайы суреттелген.
Сонымен бірге бұл томдыққа ақынның бүгіңгі уақыттың тыныс тіршілігін ашып, жүрек қылын шертетін өлеңдері де еңген. Бұл туындылар батыл ой-пікірімен де, буырқанған қуат күшімен де ерекше көрініп, оқыған кісіні бей-жай қалдырмасы хақ.