Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Тарих—адамзат ақыл-ойының қазынасы 3 том
Тарих—адамзат ақыл-ойының қазынасы 3 том
Рейтинг: 3
Автор:
ISBN:
9965-612-16-1
Беттер саны:
512
Тарих—адамзат ақыл-ойының қазынасы 3 том
«Ортағасырлық тарихи ой» аталатын үшінші кітаптағы материалдар шығыстық және батыстық авторлардың кең танымал еңбектерінен алынған үзінділерден тұрады. Олардың қатарында Рашид-ад-дин, Никколо Макиавелли, Марко Поло, Плано Карпини, Вильгельм де Рубрук, Иософат Барбаро, Махмұд Қашқари, Әбілғазы Баһадүр, Мұхаммед Қайдар Дулати, Қадырғали Қосымұлы, Ибн Хордадбек және басқа белгілі авторлардың еңбектері бар. Қазақ тіліне аударылған бұл шығармалар арқылы оқырман ортағасырлық отан тарихынан біршама құнды мәліметтер алатын болады.

Аталған еңбектер бұрын-соңды қазақ тіліне аударылмаған. Орыс тіліндегі аудармалардағы тілдік, этнографиялық айырмашылықтар қазақ тілді қауымға осы күнге дейін түсініксіз болып келгені де ескерілді.

Кітап зерттеушілерге, жалпы білім беретін мекемелердің ұстаздары мен оқушыларына, аспиранттарға, сондай-ақ көпшілік оқырман қауымға арналған.

Көп оқылғандар