Тұлға-тағдыр
Президент сыйлығының лауреаты, ҚР Мəдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Қали Сəрсенбайдың «Тұлға-тағдыр» атты бұл кітабында Тəуелсіздікке дейінгі кеңес заманының өзінде-ақ, сонымен бірге, бүгінгі азат күнде өз ғұмырын ғана емес, ел тағдырын кешкен ірі тұлғалардың өмір жолы суреттеледі.
Тұлға – халықтың айнасы. Тұлғатану жолындағы ізденістер ұлтты тануға, ұлтты сүюге жол ашады. Сол себепті, біз əрқашан өмірден өтіп кеткені бар, арамызда жүргені бар, тұлғалардың ғұмырына, мақсат-мүддесіне оралып отыруымыз керек. Тұлғаны таныған сайын елге шынайы қызмет ету, ұлтты сүюді танып білесіз. Автордың кітабынан осы тақылеттес үлкен сауалдарға жауап табасыз.
Кітап көпшілік окырманға арналады.