Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
Тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық педагогика мәселелері
Тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық педагогика мәселелері
Рейтинг: 0
ISBN:
Беттер саны:
15
Тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық педагогика мәселелері
Қазақ халқының әлемдік өркениеттегі орны немесе тарихи сахнадағы рөлі туралы сөз етер болсақ, әуелі жеке әрі бірегей ұлт ретінде оның өнерін, ұлттық психологиясын салты мен дәстүрін, әдеті мен ғұрпын, мінез-құлқын, сенімін жете түсініп, дұрыс көзқараспен бағалау қажет. Тіпті, тамыры ортақ, тегі бір, тілегі үндес жатқан түркі халықтарының өздерінің де айырмашылық ара қатынасы бар. Ауыз әдебиетінсіз халық болмайтыны ақиқатты шындық. Сондықтан да қазақ халқының жеке ұлт ретінде даралануына дәлелдердің бірі – қазақ халық ауыз әдебиеті түрлеріндегі өзіне тән ерекшеліктері. Ал осы ерекшеліктер халықтың төл тәлім-тәрбиесімен ұштасып, өзекті түрде жалғасып жатыр. Замана желінің оңынан туып, қазақ халқы егемендікке қол жеткізіп, қыранды көк байрағын көтергелі бері халық педагогикасы мәселелері қайтадан қолға алынып, зерттеліп, зердеге түсіп, бала тәрбиесінде қайтадан жаңаша іске асырыла бастады.

Көп оқылғандар