Ұйықтама, оян, Алашым!
Әдебиет тарихында лайықты бағасын алса да, шығармалары соңғы уақытқа дейін көпшілікке тұтас жетпей жатқан ақынның бірі – Нұржан Наушабайұлы. Тақтақ ақынның өлеңдері кезінде аз да болса жарық көріп, белгілі әдебиетшілер пікірлерін білдірді, бірақ көп уақытқа дейін шығармашылығы толық зерттелмеді. Оқырманға ұсынылып отырған осы кітап ақынның кейіннен табылған өлең-жырларымен қатар толғау-термелер, ғазалдар, назымдар, әндер, айтыстар және мысалдарымен толықтырылды. Сонымен қатар өлеңмен жазылған шежіресі де еніп отыр. Ақын шығармалары әлі толық жинастырылмаса да, бұл жинақтың кітапсүйер қауымға берері мол.
Жинақ көпшілік оқырманға арналған.