Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Кітаптар
ХХ ғасыр басындағы қазақ философиясы 11 том
ХХ ғасыр басындағы қазақ философиясы 11 том
Рейтинг: 0
ISBN:
9965-18-255-8
Беттер саны:
464
ХХ ғасыр басындағы қазақ философиясы 11 том
Қазақ халқы үшін ХХ ғасырдың басы қоғамдағы рухани, әлеуметтік және саяси салалардың сапалы деңгейге көтерілу кезеңі болды. Жаңаша ойлауды, жаңа дүниетанымды, елдің көптеген мәселелеріне түбегейлі философиялық және саяси биіктегі көзқарастың болуын қажет еткен қазақ зиялыларының шоқ жұлдызы халықтың интеллектуалдық және рухани тұрғыда есейіп келе жатқанын білдіреді. Бұл том қазақтың өткен ғасырдағы алғашқы кәсіби философы болып саналатын данышпан Шәкәрімнің еңбектерінен басталады. Сонымен қатар осы еңбекке Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Ғұмар Қараштың, Мағжан Жұмабаевтың, Әлихан Бөкейхановтың, Міржақып Дулатовтың, Ахмет Байтұрсыновтың, Мұстафа Шоқайдың шығармаларынан үзінділер және оларға берілген ғылыми түсініктемелер енген.

Бұл туынды өте бай қазақ философиялық ойына, қазақтың ұлттық идеясына қызығушылық танытып жүрген студенттер мен магистранттарға, аспиранттар мен докторанттарға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Көп оқылғандар