Жұматай Жақыпбаев 1 том
Қазақтың біртуар ақыны Жұматай Жақыпбаевтың көзі тірісінде «Саратан», «Ләйлә», «Шұғынық гүл төркіні» деген үш жинағы жарық көрді. Кейін ол дүниеден өткен соң «Көктемгі хаттар», «Ләйлә», «Кенежирен» деген жыр жинақтары әртүрлі баспалардан шықты. Жұматайдың бұл кітабына таңдаулы жырлары енгізілді.
Махаббат сезімі мен табиғат бояуын келістіре жырлаған ғажайып Жұматай -жүректің арман-мұраты жаңа оқырманының жанын оятып, сезіміне сәуле түсіріп, халқымен бірге жасайтынына кәміл сенеміз.