Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Жанрлар
А
Аудармалар
Аудармалар

КІТАПХАНА

«АУДАРМА» АРНАЙЫ ЖОБАСЫ

 

Құрметті оқырман!

Әдебиет әлеміне қызығушылық танытатын және оны жүрегімен сүйетін, жоғары бағалайтын шығармашыл жандарды «Аударма» арнайы жобасына шақырамыз. Бұл жобаға шет тілдерін меңгерген кез-келген оқырман қатыса алады. Өзіңізді қызықтырған әлем әдебиетінің шығармаларын қазақ тіліне немесе қазақ әдебиетінің шығармаларын басқа тілдерге аударуға мүмкіндік жасалған. Өзіңіздің көңіліңізден шыққан еркін аудармаңызды өзіңіз портал бетіне орналастыра аласыз. Портал бетіне орналастырылған аудармаңызды әлеуметтік желілер арқылы басқа достарыңызбен бөлісуге де болады. Салмақты, сауатты жазылған аударма кез-келген адамды басқа елдің мәдениетімен, тарихымен етене жақын танысуына үлкен ықпалы бар екені даусыз. Сондықтан бұл арнайы жоба ұлттар мен ұлыстардың өзара мәдени алмасуына бірден-бір себеп болады деген үміттеміз. Бұл жобаның тағы бір ерекшелігі – аудармаңызға кез-келген оқырман сын-пікірін білдіріп, бағасын бере алады.

Осы арнайы жобаны жасау барысындағы біздің басты мақсатымыз – қазақ тілді оқырмандардың назарын әлем әдебиетіне аударту, таныстыру  және өзге тілді оқырмандарға қазақ әдебиетін дәріптеу.

Жобаға қатысу мынадай жолмен жүзеге асады:

1. «Сауалнама» бөліміне жақсы аударылған бірнеше шығармаларды ұсынамыз. Ең көп дауыс жинаған шығарма, барша оқырмандар мен аудармашылардың назарына ұсынылады. Бұл үрдіс порталға тіркелген пайдаланушылардың дауыс беруі арқылы  жүзеге асады.

2. Егер Сізде көркем шығарманың дайын аудармасы болса және оны жариялағыңыз келсе порталымызға орналастыруға дайынбыз. Ол үшін аударманы мына мекен-жай бойынша портал редакциясына жіберуіңіз қажет. Электрондық пошта: adebiportal@kzcontent.kz

 

Портал жаңаруын назарда ұстап, белсенді қатысып отырыңыздар!

Сәттілік тілейміз!

 

Көп оқылғандар