Ғазиз
М.Әуезовтың "Кінәмшіл бойжеткен" әңгімесінің кейіпкері
«Ғазиз» - Ғайша тұрған пәтердің иесі бай татардың жақыны - татардың бір бала жігіті. Оның жасы 16-17-де. Ол да гимназияда оқиды, жасына қарай, Ғайшадан бірер класс ілгері болды. Өзі сұлу денелі, қызыл жүзді, қара бұйра шашты, қара көзді, өте сүйкімді жас жігіт. Бұлар бірер айдай бірге тұрған; сабаққа бірге барып, қайтарда бірге қайтып жүреді. Ол сезімді нәзік жігіт. Аз ұялшақтау. Көп замандай Ғазиз ішіне мұңлы сұлу сыр жасырғандай болып, үндемей қорғанып, күрсініп жүреді.