Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Жанрлар
Ғ
Ғылыми-фантастика
Ғылыми-фантастика

Ғылыми фантастика (ағылш. scіence fіctіon – ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр.

Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.

Фантастика (гр. phantasіa —– қиялдау, phantastіke – қиялдау өнері) ұғымының өзі де қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты.

Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. Ол ғылыми поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық-әлеумметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арналы саласына айналды.

Көп оқылғандар