Эпиграмма
Эпиграмма (грек. epiqramma - қолтаңба) - белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын сатиралық поэзияның шағын жанры. Эпиграмма қысқа жазудың, белгілі ойды емеурінмен, тұспалмен түсіндіру құралы. Эпиграмма фактісі мен объектісіне қарай нақты және шартты; сынап-мінеу, суреттеу дәрежесіне қарай сатиралық, юморлық және жағымды. белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын сатиралық поэзияның шағын жанры. Эпиграмма жанры әр кезеңде де қазіргі оқиғаға, автордың көз алдында өтіп жатқан көріністерге арналады. Эпиграмманың тағы бір қасиеті - ол әрқашанда ақынмен замандас тірі адамға арналып жазылатындығы. Ертедегі қазақ айтыскер ақындарының көптеген айтыстарда, әсіресе, қыз бен жігіт, бәдік айтыстарында дөрекі әзілге бару, қарсыласын уытты сөздермен кекетіп-мұқату тәсілдері көп кездесетін. Мысалы, Катулл, Ювенал, Марциалдардың эпиграммалары кейбір адам төзбес теңеулерге, еріксіз езу тартқызатын ұтқыр сынауларға толы. Лириканың осы түрінің негізін қалаушы Гай Валерий Катуллдың айтуынша, «Ақынның жүрегі таза болуға тиіс, бірақ жырлары өзгеше болуы мүмкін». Сондай-ақ Эпигондар қысқа жазудың, белгілі ойды емеурінмен, тұспалмен түсіндіру құралы. Эпигондар фактісі мен нысанына қарай нақты және шартты; сынап-мінеу, суреттеу дәрежесіне қарай сатиралық, юморлық және жағымды Эпигондар болып бөлінеді. Ал қозғайтын тақырыбына қарай әдеби, саяси және тұрмыстық Эпигондарлар болып 3 топқа жіктеледі. Эпигондар алғаш ертедегі Грекияда сентенциялық қысқа өлең түрінде пайда болып, кейін элегия жанрымен бірікті де, элегиялық дистих деген атауға ие болды. Симонид Кеосский (б.з.б. 5 ғ.) Асклепиад Самоский, Леонид Тарентский, Каллимах (б.з.б. 3 ғ.) шығарм-нан орын алды. Латын әдебиетінде Эпигондар осы күнгі сипатқа ие болып, Катулл, Марциал (б.з.б. 2 – 1 ғ.) шығармаларының негізгі өзегіне айналды. 17 – 19 ғ. Ж.Расин, Ж.Лафонтен, Вольтер, Ж.Б. Руссо, Г.Э. Лессинг шығармаларынан бой көрсетті. Орыс әдебиетінде А.П. Сумароков, И.И. Дмитриев, В.Л. Пушкин, П.А. Вяземский, ал кеңестік дәуірде А.Архангельский, А.Безыменский, С.Швецов, С.Васильевтер Эпигондар жанрында қалам тартты. Қазақ әдебиетінде Эпигондар нышандары халық ақындары, әсіресе айтыс ақындары шығармасында жиі кездеседі. Абай өлеңдерінде Эпигондар элементтері мол. Қазақ әдебиетінде Эпигондар жанрына А.Тоқмағамбетов, Ә.Тәжібаев, Ш.Смаханұлы, Ж.Әбдірашев, К.Әмірбеков, т.б. сатирик жазушылар қалам тартты.
ҚАТЫСТЫ ЖАНРЛАР