Мұхтар Әуезов 50 том
1997 жылы жазушының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚР Үкіметі қаулысымен 50 томдық академиялық еңбегін басып шығару қолға алынған болатын. Сол жылы кітаптың 1-11-ші томдары «Ғылым» баспасынан шыққан еді. Қалған 12-50-ші томдарын шығару 2003 жылдан басталған. Жақында «Жібек жолы» баспасынан соңғы 50-ші томы жарық көріп, бүгін оқырманға жол тартты. Бұл академиялық басылымда М.Әуезовтың 1917- 1961 жылдары аралығында жазылған мақала, әңгімелері, пьесалары мен аудармалары, оқушы қауымға белгісіз болып келген туындылары, сөйлеген сөздері мен баяндамалары, пікір, хаттары берілген.
«Елу томдықтың мазмұны, маңызы, ауқымы, әлеуметтік салмағы жағынан қазақтың мәдениеті мен көркемдік әлемін белгілі бір белеске көтерген құбылыс ретінде бағалауға болады. Осы еңбектерден қаламгердің ойшылдық қарымы, шығармашылық ұстанымы, қоғамдық, ұлттық, рухани-мәдени мәселелерге деген көзқарасы айқын көрінеді. Бұл 50 томдық бұрын жарық көрген 20 томдықта жоқ жаңа дүниелермен толықты. Бұған дейін қазақта 50 томдық академиялық басылымы жарық көрген адам болған емес. Сондықтан аталған елу томдықтың орны ерекше»,- дейді академик Сейіт Қасқабасов.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2885
28.10.2026
2854
26.10.2026
1626
27.10.2026
1048
29.10.2026
962
27.10.2026
890
26.10.2026
877
29.10.2026
869
28.10.2026
644
28.10.2026
637
29.10.2026
599
28.10.2026
502
29.10.2026
471
21.10.2026
4416
22.10.2026
4278
20.10.2026
3401
07.10.2026
3331
15.10.2026
3225
20.10.2026
2954
09.10.2026
2911
28.10.2026
2885
28.10.2026
2854
16.10.2026
2590
05.10.2026
2339
09.10.2026
2319
08.10.2026
2146
15.10.2026
2135
