Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Рондо
Рондо (итал. Rondò,фр. rondeau - шеңбер, дөңгелек) - түрлі мазмұндағы эпизодтармен алмасып отыратын басты тақырыптың бірнеше рет қайталануына негізделген музыкалық форма (айналмалы форма). Басты тақырып (кейде рефрен деп аталады) негізгі тоналдықта үш реттен кем қайталанбайды. Эпизодтар көбінесе басқа тоналдықта өтеді. Рондо музыкалық форма ретінде алғаш хороводтық әндердің негізінде туды. Ескілікті немесе куплетті Рондо 17 - 18 ғасылардағы француз клавесиншілерінің шығармашылығында кең өріс алды. 18-19 ғасылардағы классикалық музыкада Рондоның құрылысы өзгерді. Мұнда негізгі тақырып кеңінен дамып, қайталанғанда вариациялық өзгеріске түседі. Эпизодтар мен тақырыптың арасында оларды өзара байланыстыратын дәнекер бөлімдер пайда болды; ал эпизодтардың өзі негізгі тақырыпқа және өзара қарама-қарсы қойылып, көлемі жағынан кеңейе түседі; Рондоның соңында кода пайда болады. Кейбір аспаптық шығармалар, романстар, сондай-ақ көптеген симфониялар мен сонаталардың финалдары, операның ария, т.б. нөмірлері Рондо түрінде жазылады. Рондо, негізінен, жеңіл де ойнақы, икемді характерімен, ән-би әуенді сазымен ерекшеленеді.

Көп оқылғандар