Ақберен Елгезек 1980 жылы, 24 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Семей облысы,Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылының Е.Рахмадиев атындағы орта мектебін бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетінің түлегі.
2001-2005 жж. Алматы қаласы әкімдігінің ішкі саясат саласында түрлі қызметтер атқарған.2005-2008 жылдар аралығында Алматы қаласының «Ақпараттықталдау орталығының» директоры болды.
«Қазақ әдебиетін қолдау» қоғамдық қорының жетекшісі. «Кентавр» ұлттық әдеби апталығының негізін қалаушы. «Көлеңкелер күбірі», «Көк бөрінің рухы» еңбектерінің авторы.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, «Серпер» сыйлығының лауреаты, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері.
24.05.2017
Бөлісу:
Пікір қалдыру: