Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Ғылымхал Манай - adebiportal.kz

Ғылымхал Манайұлы 1994 жылы Қазанның 12 жұлдызында дүиеге келген. Бес ұл, бес қыз он ағайынды от басының кенжесі. Әкесі Манай 2007 жылы дүниеден өткен, шешесі Аймеш зейнеткер.

           

Ғылымхал Манайұлы 2002-2012 жыл аралығында мектеп қабырғасында оқу мен өнерден көзге түсіп «Үздік оқушы», «Мектеп саңлағы», атанды. Қалалық балалар үшін жыл сайын ұйымдастырылатын «Мүшайра» жас өспірімдер сайысынан 3-мәрте Гран-При иегері.  Мектепті үздік «Алтын белгі» мен бітірген.

           

2012 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемелекеттік Университетінің  Тарих, филология, халықаралық қатынастар факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына оқуға қабылданды.

            

Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып топ басшысы, университеттің студенттер төрағасы, студент жастар арасында мәдени шараларды ұйымдастыру, олардың тәлім тәрбиесімен оқуына қолдау жасап, университеттің  студенттер тарапынан барлық іс-шараларын өз міндетіне алып қызмет атқарды.

         

2014 ж. - Қарағанды қаласында өткен Тұлға-2014 халықаралық көркемсөз оқу байқауына қатысып, бас жүлдені иеленген. Факултеттегі өзін өзі басқару ұйымында «факультет деканы» қызметін атқарды, оқу үлгерімі «Өте жақсы».    

           

2015 ж. -  Қалалық , О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу байқауында бас жүлде иегері.

         

2015 ж. - Талдықорған қаласында өткен «Ілияс әлемі» республикалық жастар фестивалінде III орын иегері.

        

2015 ж. - «Шабыт» студент-жастар театрының актёр құрамында болып белгілі жазушы, драматург Софы Сматаевтың «Көгілдір такси» мелодрамасын сәтті сахналағаны үшін мақтау грамотасымен марапатталған.

         

2015 ж. - О.Бөкей атындағы қалалық кітапхананың құрметті оқырманы, «Шабыт» жас ақындар мектебінің  мүшесі.

       

2015 ж. - Ұлы жеңістің 70 жылдығына арналып шығарылған «Ертіс толқыны» атты жас ақындар жинағына өлеңдері еніп, сол жылғы оқырмандар арасынан «Ең талантты оқырман» номинациясымен марапатталған.

           

Университеттегі әдеби шығармашылық кештерге белсене қатысып,  Қалихан Ысқақтың «Қалихансыз қоңыр күз» - атты еске алу әдеби кеші.  Жанат Әскербекқызының шығармашылығына арналған әдеби кеші,  Абайдың 170 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық конференцияның концерттік бағдарламасының жүргізушісі,                Жазушы Дидахмет Ашимханұлының еске алуға арналған әдеби кеші т.б. көптеген мерекелік, әдеби, концерттік шаралардың қатысушысы, жүргізуші.

           

 

15.05.2019
Бөлісу:
Пікір қалдыру:

Көп оқылғандар