Рахат Ермекұлы Әбдірахманов 1979 жылдың 17 қаңтарында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданына қарасты қазіргі Тоқтар Әубәкіров ауылында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің түлегі.
2006 жылы Қарағанды қаласындағы «Санат» баспасынан «Әдемі менің әлемім» атты, 2009 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша «Жалын» баспасынан «Жанымның жазба нұсақасы» атты жыр жинақтары жарық көрген. Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына орай өткізілген облыстық ақындар мүшәйрасының ІІ орын иегері. Баянауылда өткен І республикалық жас ақын-жазушылар форумында арнайы сыйлық алған. Балқаш қаласының 70 жылдығына орай өткізілген облыстық мүшәйраның ІІ орын иегері. Ақтоғай аудандық «Тоқырауын тынысы» газетінің 70 жылдығына өткізілген облыстық мүшәйраның І орын иегері. Қасым Аманжолов атындағы І облыстық ақындар мүшәйрасының бас жүлде иегері.