2016 жылғы ҚР Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы берілді
2016 жылғы ҚР Әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын тағайындау комиссиясының шешімімен жазушы Бексұлтан Нұржекеұлы осы сыйлыққа лайықты деп танылыпты.
Қазақтың қабырғалы қаламгеріне мемлекеттік сыйлық «Әй, дүние-ай!» тарихи романы үшін беріліп отыр. «Әй, дүние-ай» романына 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі арқау болған. Шәйі атты қазақ қызының басынан өткен трагедиялы хал арқылы жазушы сол заман қасіретінің шынайы бейнесін ашады.
Жазушыны мәртебелі ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болуымен құттықтаймыз!
adebiportal.kz
