Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
№6 Қару мен қалам ұстаған 10 қаламгер...

03.05.2016 4112

№6 Қару мен қалам ұстаған 10 қаламгер

№6 Қару мен қалам ұстаған 10 қаламгер - adebiportal.kz

f027eb5dd377d278dd21dafa0f9aefac.jpg



Ұлы Отан соғысындағы қанды қырғынға қатысып, ерлікпен көзге түскен қазақтың ақын-жазушылар аз емес. Қанды қырғынға қатысып, ерлікпен көзге түскен қазақтың ақын-жазушылар аз емес. Қаламын қаруға айырбастап, майданның алдыңғы шебіне ұмтылған жазушы қауымының соғыс жылдарындағы өмірімен таныстырып отыру, сол бір қилы кезеңге байланысты олардың қаламынан туған шығармаларды жариялап отыру мақсатында «Әдебиет порталы» жаңа жоба ұсынып отыр. Жобаның алғашқы топтамасына дүние жүзін шарпыған жойқын соғыстың даңқты жауынгері, қаһарман қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы бастаған майдангерлердің шығармаларын, фотосуреттерін, естелік жазбаларын, бейнекөріністерін жариялау арқылы оқырмандармен қайта қауыштырамыз. Әр шығарылымда он майдангер қаламгерді қамтып жариялап отыратын боламыз.




1.       Молдағалиев Жұбан



11.jpg



Ірі эпик ақын, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы 1920 жылы Орал облысының (қазіргі Батыс Қазақстан обл.) Тайпақ ауданы, Жыланды деген жерде дүниеге келді.

 

Жетіжылдық мектепте, Орал ауыл шаруашылығы техникумында, әскери-саяси курстарда білім алды.

 

1940-47 жылдары әскер қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысты.

 

Тұңғыш өлеңдер жинағы "Жеңіс жырлары" атымен жарық көрді.

 

Соғыстан кейін баспасөзде, Қазақстан Жазушылар Одағында басшылық қызмет атқарды. КСРО Министрлер Кеңесінің Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі коллегиясының мүшесі болды.

 

Алғаш 1939 жылы газет бетіне басылған өлеңінен бергі жылдар ішінде алпыстан астам кітабы жарық көрді. "Кісен ашқан", "Қыран дала", "Сел", "Мен – қазақпын" поэмалары үшін ең жоғарғы Мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды.

 

Шығармалары ағылшын, неміс, француз, поляк, испан, венгр, араб, монгол тілдеріне аударылған. 1986 жылы Жазушылар одағында Г.В.Колбинмен өткен кездесуде басын қатерге тіге отырып, жастар қозғалысын қолдады.

 

Ақын қазақ халқының тарихы туралы "Мен - қазақпын" атты толғауында халқының атынан мінбеге шығып сөйлей отырып, тарихи шындықты, халықтың эпикалық өмірін кестеледі. Сан түрлі тақырыптағы лирикалық шығармаларында туған жер, Отан, өз ұлтына деген сүйіспеншілік, қазақ тілі, оның тағдыры, ана, әйел, махаббат, соғыс және бейбітшілік, замандастар бейнесін арқау етті.



2.       Меркулов Олег



401930_912035217_709_Merkulov_Oleg.jpg

 

1925 жылы 13 қарашада Ресейдің Брянск қаласында туған. 1943–1948 жылға дейін әскер қатарында қызмет етті.

 

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

 

1954 жылы Ленинградтағы Шет тілдер институтының аудармашылар факультетін бітірген.

 

Сосын Алматыға келіп, «Казахстанская правда» газетінде жұмыс істей жүріп, ағылшын тілінен орыс тіліне Р.Райттың «Протяжная песня темнокожого» повесін, Дж Б.Пристлидің «Герой-чудотворец» романын, басқа да бірқатар ағылшын жазушыларының әңгімелерін аударды.

 

«Ради тебя» (1969), «На двух берегах» (1978) романдары, «Комбат Ардатов» повестері шыққан. Кейбіреуі поляк тіліне аударылып жарияланды.

 

Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, Қазақстан Жазушылар одағында орыс прозасы секциясында әдеби кеңесші болған. 



3.       Нәбиев Әскен



0983121654(1).jpg 


1923 жылы 13 желтоқсанда Ақмола облысы, Алексеев ауданында туған.

 

1941 жылы орта мектепті бітіріп, сол жылдың желтоқсанында майданға аттанды. 62-ші армия құрамында Сталинград үшін ұрыстарға қатысқан. Ауыр жарақаттанған.

 

Әскерден қайтқаннан кейін мектепте мұғалім, Макинск аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып істейді. 1947 жылы журналистік қызметке ауысады.

 

Облыстық және өлкелік газет редакцияларында әдеби қызметкер, меншікті тілші және бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының Целиноград облыстық бөлімшесінің әдеби кеңесшісі қызметін атқарған.

 

1-дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.

 


Шығармалары:

 

Мұрагер. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1959;

 

Очерктер. А., ҚМКӘБ, 1962;

 

Гүлза. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1965;

 

Шолпан. Повесть. А., «Жазушы», 1977;

 

Бел-белестер. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1981;

 

Шынығу шағы. Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы», 1984;

 

Алақайғы. Эсселер. 2002.

 


4.       Нұртазин Мұхамед




406999_1463934809_788_Nurtazyn_Muxamed.jpg



1 қаңтарда Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында туған. 1932–1935 жж. Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумында мұғалім болып істеген.

 

1935-1938 жж. жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясының қатарында әскери міндетін атқарды.

 

1938-1941 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жауапты хатшы болды.

 

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қатысады.

 

1945-1948 жж. аудармашы редактор, 1949–1959 жж. «Пионер» журналында бас редактордың орынбасары, 1959–1977 жж. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі болып қызмет атқарған.

 


Аудармалары:

 

М.Горький. Мальва. Повесть. 1958;

 

Д. Лондон. Өмірге құштарлық. Повесть. 1958;

 

К.Федин. Ғажайып жаз. 1959;

 

И.Франко. Мұнайшылар. Роман. 1968;

 

А. Абу-Бакар. Дарғын қыздары. Роман. 1968;

 

Я. Гашек. Солдат Швейктің бастан кешкендері. Роман. 1971;

 

Э.Золя. Наурыз. Роман. 1984.


 

5.       Нұршайықов Әзілхан




Обложка.jpg



1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Келінсүйегі деген жерде («Ақбұзау» колхозы) туған.

 

Ауылдағы орталау мектепті бітіргеннен кейін, Алматыдағы Тау-кен институтының жұмысшы факультетінде, Семейдегі Абай атындағы қазақ педагогикалық училищесінде, одан кейін педагогикалық институтында оқыды.

 

1941-1945 жж. Қызыл Армия қатарында болды. Ұлы Отан соғысы кезінде өлеңдері, әскери әңгімелері мен очерктері майдандық, республикалық және облыстық газет беттерінде жиі басылып тұрды.

 

Соғыстан кейін Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің бөлім меңгерушісі, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі және редактордың орынбасары, Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінің редакторы, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып қызмет істеген. Қазақ Совет энциклопедиясы тіл, әдебиет және фольклор редакциясының меңгерушісі, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері болған.

 

Көп жылдар бойына Қазақстан Жазушылар одағы проза кеңесінің, жас әдебиетшілер кеңесінің төрағасы болып келді.

 

Алғашқы очерк, әңгімелер жинағы «Алыстағы ауданда» деген атпен 1956 жылы жарық көрген. Алпысыншы жылдардан бастап біржола көркем прозаға ауысты.

 

Жиырмадан астам кітабы шыққан: «Махаббат жыры» (повестер, 1964), «Тоғыз толғау» (1977), «Автопортрет» (әдеби портреттер, 1977), «Махаббат қызық мол жылдар» (1970) романы және «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-диалогы, «Екі естелік» (1985), «Жамбылға хат» атты әскери естеліктері (1996), т.б. Бұл туындылардың бірқатары «Жазушы» баспасынан бірнеше дүркін орыс тілінде де басылып шықты. «Песня любви» (1965, 1975, 1982); «Истина и легенда» (1982), Мәскеудің «Советский писатель» баспасынан «Истина и легенда» (1980) және «Дорогой памяти» (1985) кітаптары жарық көрді. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы украин («Дніпро», 1984) және чех (1985) тілдеріне аударылып жарияланды. Жеке шығармалары қырғыз, өзбек, тәжік, молдован, татар, якут тілдеріне аударылған. 1980 жылы «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы үшін Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді.

 

И.Буниннің шығармаларын, М.Шолоховтың «Адам тағдыры», П.Павленконың «Жарияланбаған хат» әңгімелерін, А.Якобсонның «Қорқау» пьесасын және басқа да туындыларды қазақшалады.

 

ІІІ дәрежелі «Даңқ», «Құрмет Белгісі», Халықтар достығы және ІІ дәрежелі Отан соғысы, «Парасат» ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Батырлығы үшін», «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», 2 мәрте «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, 3 мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды (1962, 1972, 1982). Көптеген мерекелік медальдармен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы. А.Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, күміс медалінің иегері.

 

Семей қаласындағы М.О.Әуезов атындағы университеттің, Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтының Құрметті профессоры, Жамбыл облысындағы Сарысу ауданының, Семей қаласының Құрметті азаматы.

 

«Махаббат, қызық мол жылдар» романы 2008 жылы «Санат» баспасынан оныншы мәрте қайта басылып шықты. Республика тәуелсіздік алғаннан соң «Менің замандастарым» роман-естелігі, «Қаламгер және оның достары» эпистолярлық романы және «Мәңгілік махаббат жыры» прозалық поэмасы, 2005 жылы «Қазығұрт» баспасынан 10 томдық таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрді.



6.       Оразалин Кәмен


409257_428567997_810_Orazalyn_Kamen.jpg


16 маусымда Семей облысы, Абай ауданы, Құндызды ауылының Қылышбек жайлауында туған.

 

1939 жылы орта мектепті тамамдасымен, Қызыл Армия қатарына алынып, кіші командирлер мектебін бітіреді.

 

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

 

Семей педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиет факультетін 1947 жылы бітірген. Абай ауданындағы орта мектепте зейнетке шыққанға дейін мұғалім болып еңбек етеді. Абай ауданының Құрметті азаматы.

 

1950 жылы алғаш рет «Жексен» повесі жарық көрген.

 

«Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі». Октябрь Революциясы, ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерінің, «Парасат» орденінің және көптеген медальдардың иегері. Төрт рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталды.

 


Шығармалары:

 

Жексен. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1950;

 

Ақ жазық. Роман. А., ҚМКӘБ, 1959;

 

Көктем салқыны. Роман. А., ҚМКӘБ, 1961;

 

Абайдан соң. Роман. І кітап. А., «Жазушы», 1982;

 

Аттаныс. Роман. А., «Жазушы», 1985;

 

Абайдан соң. ІІ кітап. А., «Жазушы», 1987;

 

Абайдан соң. ІІІ кітап. Роман. А., «Жазушы», 1989;

 

Абайдан соң. ІV кітап. Роман. А., «Ана тілі», 1995;

 

Абай ауылына саяхат. А., «Жазушы», 1995;

 

Абайдан соңғы арыстар. Роман. І кітап. Астана, «Елорда», 2002;

 

Абайдан соңғы арыстар. Роман. ІІ кітап. Астана, «Елорда», 2003;

 

Абайдан соңғы арыстар. Роман. ІІІ кітап. Астана, «Елорда», 2004.



7.       Петров Борис


200px-Petrov_BN.jpg 



Көкшетау облысы, Шучинск стансасында (қазіргі Шучинск қаласында) туған.

 

М.Горький атындағы Омск педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген.      


Ұлы Отан соғысына қатысқан.

 

Әскерден қайтқаннан кейін партия қызметінде – облыстық партия комитетінің лекторы, лекторлар тобының жетекшісі болған.

 

Содан кейін алты жыл бойы Қазақстан Жазушылар одағы Солтүстік Қазақстан облысаралық бөлімшесінің жауапты хатшысы болды. 

 


Шығармалары:

 

Вьюжная неделя. Рассказы. А., ҚМКӘБ, 1956;

 

Живое слово. Очерки. А., ҚМКӘБ, 1959;

 

Огни Аксуата. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1962;

 

Листопад. Повесть. А., «Жазушы», 1964;

 

Березовые острова. Повесть и рассказы. А., «Жазушы», 1966;

 

Семяниковская коммуна. Очерки. А., «Қазақстан», 1969;

 

Утро. Повесть и рассказы. А., «Жазушы», 1975.

 

 

8.       Плашевский Юрий




220px-301-324-57.jpg 



1920 жылы 2 ақпанда Солтүстік Кавказда, Майкоп қаласында туған.

 

1938-1941 жж. Герцен атындағы Ленинград педагогикалық институтының тіл және әдебиет факультетінде оқыған.

 

1941 жылғы қыркүйек айынан Ұлы Отан соғысының аяғына дейін майданда болды. 1945-1948 жж. ол аяқтамай кеткен жоғары оқу орнын Мәскеуде Ленин атындағы педагогикалық институтта бітіреді.

 

1949 жылдан зейнетке шыққанға дейін Алматыда жұмыс істеді. Қазақ Достық қоғамында мәдениет бөлімінің меңгерушісі, «Қазақстан» баспасы бас редакторының орынбасары, «Простор» журналының қызметкері, «Ара» – «Шмель» журналы бас редакторының орынбасары, «Кітап жаршысы»–»Друг читателя» газетінің жауапты хатшысы болды.

 

Бірқатар повестер мен әңгімелердің авторы. Қазақ және неміс тілінен орыс тіліне аударма жасаумен айналысты.

 

С.Адамбековтің «Потерянное золото или невеста под огнем» (1977–1979), М.Сқақбаевтың «На дальнем зимовье» (1982), Д.Досжановтың «Да свершится мое желание» (1983), Т.Тобағабыловтың «Еще одна осень» (1980), Э.М.Ремарктың «Ночь в Лиссабоне» (1978) атты повестері мен әңгімелерін аударды.

 

ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік қызметі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», т.б. медальдармен марапатталған.

 


Шығармалары:

 

Убийство на ручье Дубовик. Повесть. А., «Жазушы»,

 

1965; Кипчакская стезя. Повесть. А., «Жазушы», 1970;

 

Марина. Повесть, рассказы. А., «Жазушы», 1979;

 

Алая завязь. Повесть и рассказы. А., «Жалын», 1982;

 

Я вернусь к тебе завтра. Повесть, рассказы. А., «Жазушы», 1983.

 


9.       Райымқұлов Рахметолла



щщщ.jpg


1913 жылы 11 мамырда қазіргі Ташкент облысы, Бостандық ауданы, Қараманас ауылында дүниеге келген.

 

1929 жылы төрт кластық білімімен Ташкент қаласындағы Қазақ педагогикалық техникумына түскен. Оны 1933 жылы бітіріп, Ташкент облысының Жоғары Шыршық ауданында өзі оқыған мектепте мұғалім болған.

 

Аудандық «Алға» газетінің редакторы қызметін атқарады. Сол жылдардан бастап ұзақ уақыт баспасөзде істеген. 1935-1936 жылы Ташкенттегі педагогикалық институтта оқиды. 1937 жылы Алматыдағы Қазақстан Коммунистік Журналистер институтына ауысып, оны 1939 жылы бітіріп шығады да, «Сталин жолы» (қазіргі «Қазақстан әйелдері») журналына жауапты хатшы қызметіне қалдырылады. 1941 жылы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне ауысады.

 

Сол жылы майданға кетіп, 1946 жылдың қаңтарына дейін әскер қатарында болды.

 

Соғыстан оралысымен Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде очерк және фельетон жанрларынан семинар сабағын жүргізеді, 1949-1953 жж. Полиграфия және баспасөз қызметкерлері кәсіподағы республикалық комитетінің төрағасы болып екі рет сайланады. 1953–1961 жж. «Жұлдыз» журналында жауапты хатшы, «Қазақ әдебиетінде», «Жұлдыз» журналында проза бөлімінің меңгерушісі болды. 1971 жылдан Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары болып істеген. Аударма саласында С. Айнидың «Бұқара» трилогиясының екі кітабын қазақшалаған. Біраз туындысы орыс тіліне аударылған. Бірнеше орден, медальдармен марапатталған.

 


Шығармалары:

 

Уәде. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1958;

 

Жасыл белес. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1960;

 

Түйелі адам. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1962;

 

Балдақты адам. Повесть. А., ҚМКӘБ, 1964;

 

Шығармаларының екі томдығы. А., «Жазушы», 1981;

 

Қара жорға. Роман. «Жазушы», 1993;

 

2003 жылы 3 томдық шығармалары жарық көрді.



10.  Рахимов Хажымұрат



зззззз.jpg


1924 жылы 23 ақпанда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында туған.

 

1953 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген.

 

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

 

Облыстық «Социалистік құрылыс» газетінің жауапты хатшысы, «Есіл правдасы» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеген. Целиноград (Ақмола) облыстық атқару комитетінде аға нұсқаушы, облыстық телевизиясында редактор қызметтерін атқарған.

 

Алғашқы шығармалары 1940 жылдан көріне бастады. КСРО медальдарымен, 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

 

Шығармалары:

 

Қарлығаштар. Повестер. А., ҚМКӘБ, 1962;

 

Бәйшешектер. Повестер. А., «Жазушы», 1969;

 

Сеңгір сырлары. Роман. 1-кітап. А., «Жазушы», 1976;

 

Сеңгір сырлары. 2-кітап. А., «Жазушы», 1978;

 

Бетпе-бет. 3-кітап. А., «Жазушы», 1983.



Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар