Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
А. Балаева: Біздің басты міндетіміз – аударманың к...

15.01.2019 2451

А. Балаева: Біздің басты міндетіміз – аударманың көркемдік сапасын қамтамасыз ету

А. Балаева: Біздің басты міндетіміз – аударманың көркемдік сапасын қамтамасыз ету - adebiportal.kz

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комисия хатшысы, ҚР Президенті әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А.Ғ.Балаева қазіргі қазақ әдебиеті антологияларын БҰҰ-ның 6 тіліне аударып жатқан аудармашы, редакторлармен кездесті. Кездесуде Ұлыбритания, Испания, Франция, Ресей және Қытай мемлекеттерінен келген аудармашы-әдебиетшілермен қазақ әдебиеті жинақтарын аудару барысы талқыланды.

Аида Ғалымқызы қазақ әдебиетінің үздік үлгілерін БҰҰ-ның 6 тіліне аудару бастамасы бұрын-соңды болмаған ерекше жоба екендігіне тоқталып, «Біздің басты міндетіміз – аударманың көркемдік сапасын қамтамасыз ету. Біз ол үшін қажет дүниенің барлығын істеп жатырмыз. Сондықтан, аудармашылар мен біздің авторлардың осындай кездесуі осы міндетті орындауымызға септігін тигізеді деген үміттемін», - деді. Сонымен бірге, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында айтылған мәдениет пен әдебиетті дамытуға бағытталған шараларымен таныстырып, оны іске асыруға атсалысуға шақырды.

Қазіргі таңда антологияның ағылшын, француз, испан және орыс тілдеріндегі жолма-жол аудармалары аяқталды. Қытай мен араб тілдеріндегі жолма-жол аударма процесі жүріп жатыр. Аудармашылар мен қазақстандық авторлардың мұндай кездесуі аударманы түпнұсқа мәтінге мейлінше жақындатып, оның көркемдік сапасын қамтамасыз етпек.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар