Басты бет
/
Әдеби үдеріс
/
ЖАҢАЛЫҚТАР
/
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анық...

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

22.10.2022

1934

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды - adebiportal.kz

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1) Жайлыбай Ғалымға, ақын – «Ай таңбалы арғымақ» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;

2) Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер – «Жібек» мюзиклі үшін;

3) Мыржықбай Кенжеғали Тұрсын­бек­ұлына, әнші – «Жүрегім нені сезесің?» концерті үшін;

4) Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы – «Желқайық» романы үшін;

5) Сегізбай Кәдірбекке, жазушы – «Тағдыр толқыны» романы үшін;

6) Смағұлов Сембіғали Абзал­бек­ұлына, мүсінші – «Үш арыс» мүсіндік композициясы үшін;

7) Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор – «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілсін.

  1. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.ТОҚАЕВ

Астана, Ақорда, 2022 жылғы  20 қазан

Егемен Қазақстан

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Байланыс: adebiportal@gmail.com 8(7172) 64 95 58 (ішкі – 1008, 1160)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.

Бөлісу:

Көп оқылғандар

Taza Qazaqstan