Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ТӨР
«Абай» журналының шыққанына 105 жыл...

06.03.2023 2298

«Абай» журналының шыққанына 105 жыл 14+

«Абай» журналының шыққанына 105 жыл - adebiportal.kz

«Абай» журналы 1918 жылдың ақпан-қараша аралығында қазіргі Семей қаласында жарық көрді. Бұл журнал ақын Абай Құнанбайұлының құрметіне арналған. Бұл журналды шығарушы тұңғыш бастамашылар Жүсіпбек  Аймауытов пен Мұхтар Әуезов болды.

«Абай» журналында Алаш зиялыларының ағарту бағытында түрлі мақаласы жарық көрді. Алғашқы саны 900 данамен шыққан. «Абай» журналының алғашқы сандары шамамен 16-21 беттен тұрған. 1918 жылы ақпан айынан қазан айына дейін барлығы 11 саны шықты. Кейіннен бұл басылымның 12-ші нөмірі де табылды. Филология ғылымдарының докторы, профессор А.Ақынбекованың зерттеу нәтижесінде табылған журналдың соңғы санында М.Әуезовтің «Өліп таусылу қаупі», Абай Құнанбайұлының «Есті мен ессіздік парқы» атты қарасөзі, Мағауия Абайұлының «Медғат-Қасым» поэмасын тұңғыш рет айналымға енгізіп отыр. 

Кей дерекке сәйкес, «Абай» журналын шығару жөніндегі ұсыныс қазақ зиялылары арасында 1914 жылдың өзінде-ақ қабылданған. Алайда дүниежүзілік соғыстың басталуына және Патшалық Ресей тарапынан отарлау саясатының бұрынғыдан да күшейе түсуіне байланысты журнал шығару туралы ойы орындалмаған.

Жүсіпбек Аймауытов «Журнал туралы» бас мақаласында «Журналдың атын «Абай» қойған соң әдеби жолын ғана тұтыну керек еді дер біреу. Оған айтатынымыз: Абай жалғыз ғана ақын болды деуге болмайды. Әдебиетімізге де негіз салған Абай, адамшылық, тәрбие, ғылым, өнеркәсіп деген сөздерді терең ойлап, тексерген де Абай. Қазақтың тұрмысын, өмірін, мінезін айқын суреттеп, кемшілігін көрсеткен де Абай. Солай болған соң журналды Абайға арнағандық, Абайды қай жөннен болсын ұстаз қылып, бетке ұстап, жастар шәкірт болып, соңынан жүруге талпынғандығын көрсетеді», - дейді.

«Абай» журналы 1992 жылдан қайта шығарыла бастады.


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар