23 тамыз күні Елордадағы Абай ескерткішінің алдында қазақтың ұлы ақынының туған күніне арналған «Абайдың ән әлемі» атты мерекелік шара өтеді.
Шараның басты мақсаты - Абайдың сан қилы мұрасын насихаттау, алуан тақырыптағы әндері арқылы суреткердің эстетикалық әлемін таныту. Аталған кеш барысында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, өнертану профессоры Кенжеғали Мыржықбайдың «Қайран жұртым», «Өлсе де табиғат адам өлмес», «Қараңғы түнде тау қалғып» (үш тілде), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жанат Шыбықбайдың «Көзімнің қарасы», Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бокейханның «Татьянаның әні», қазақтың дәстүрлі әндерін нақышына келтіре айтып жүрген танымал әнші Ерлан Рысқалидің орындауларында «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң» сияқты Абайдың танымал әндері шырқалады. Сонымен қатар, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері Абайдың өмірінен дайындалған қойылым көрсетеді.
adebiportal.kz
Материалды көшіріп жариялау үшін
редакцияның
немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме
берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар
туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)
Мақала авторының көзқарасы редакцияның
көзқарасын білдірмейді.