Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы

20.09.2019 4172

Абайға тағзым 12+

Абайға тағзым - adebiportal.kz

Бүгін Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті, Қазақстан Халқы тілдері күніне орай дәстүрлі Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауын өткізді.

Байқау – қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, Абай және басқа да қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын орындау арқылы қазақтың көркем әдебиетіне жастардың ықыласын арттыруды көздеді.

Қазір жастардың өнерге, әдебиетке деген көзқарастарының артқанын байқадық.

Көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық байқауына еліміздің облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында өткен конкурстардың 16 жеңімпазы қатысты.

Әсіресе, көрермендерді оқу шеберлегімен тәнтті еткен Айжан Алхабек, Айсана Әшімхан, Мәди Сәулебек, Ерлан Нұрланов, Әлия Болатова, Ербақ Құрметжан мәтін оқу барысында мазмұнына сай қимылдар жасап, мәтінді мәнерімен жеткізіп көрермен жүрегіне жол салды. Қазақтың төл дыбыстарын ашық, нақты мәнерлі әрі әуезді жеткізді.

Әсіресе сахана төрінде Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқылды.

Сондай-ақ Сәбит Дөнентаевтың, Ілияс Жансүгіровтың және Фариза Оңғарсынованың поэзиялық шығармаларынан оқылған жыр дестелері көпшілік ілтипатына ие болды.

Қазылар алқасының төрағасы белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тыныштықбек Әбдікәкім, әдебиет сыншысы Тұрсынжан Шапай, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали, театр, кино және дубляж актері Азамат Шарын, профессор, филология ғылымдарының докторы Мұратбек Иманғазинов Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің жеңімпаздарын анықтады.

Байқаудың бас жүлдесі Нұр-Сұлтандық Айжан Алхабекке бұйырды. Ал, бірінші жүлде Шымкентік Мәди Сәулебекке, екінші жүлде Павлодар облысының өкілі Ербақ Құрметжанға, екі үшінші жүлдені Шығыс Қазақстандық Әлия Болатова мен Қызылордалық Айсана Әшімхан өзара бөлісті. Сондай-ақ екі ынталандыру сыйлығы Алматы облысынан келген Ілияс Нұрланбеков және Жамбыл облысынан келген Ерлан Нұрлановтарға табыс етілді.

Жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

adebiportal.kz


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар