Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Абаймен өткен күндер» туристік бағдары ашылады...

06.02.2015 2954

«Абаймен өткен күндер» туристік бағдары ашылады

Ұлы Абайдың 170 жылдығын шығыс жұртшылығы облыс көлемінде кең ауқымда атап өтуді жоспарлап отыр. Тарқата айтқанда, негізгі іс-шаралар Хакімнің туған жері Жидебайда ұйымдастырылып, облыстың барлық мәдени мекемелері мен білім ордаларында Ұлы ақынды ұлықтау шаралары өткізіледі. Ақынның мерейтойын атап өтуге аймақтың бизнес және коммерциялық емес ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер, көрнекті өнер және мәдениет қайраткерлері, облыс тұрғындары жұмылдырылмақ.

                                      jp.jpg

Мерейтой қарсаңында Абай ауданындағы Жидебай ауылы, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені, Абайдың Жидебайдағы мұражай-үйі туристердің көптеп келетін орынына айналатындықтан, ШҚО әкімдігі туристерге қолайлы жағдай жасап, өңірлік туризмді дамытуға ден қойып отыр.
Абай ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Даниал Ахметов мұражай-үйінің жанындағы құрылысы аяқталмаған нысанды жыл бойы жұмыс істейтін қысқы типтегі қонақ үй түрінде салу үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлінетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, ағымдағы жылы жазда Абайдың өмірі мен шығармашылығымен байланысты тарихи орындарды аралайтын «Абаймен өткен күндер» туристік бағдары жұмыс жүргізбек.
Сонымен қатар, Ұлы ақынның мерейтойына орай, көрнекті меценат Медғат Құлжановтың қолдауымен атақты ағылшын композиторы Карл Дженкинс жазған «Абай-Шәкәрім» ораториясымен ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі әртістері, аралас хор мен фольклорлық тобының концерті, Бүкіләлемдік поэзия күні (21 наурыз) «Абай поэзиясы» әлем тілдерінде» фестивалі, Жидебайда республикалық ақындар айтысы, Қара сөздер бойынша моноспектакльдер, Абай шығармалары бойынша концерттік бағдарламалар өткізіледі. Өскемен мен Семей қалаларында «Біздің Абай» электрондық кітапханасының тұсауы кесіледі. Аталмыш сайтқа «Абай оқыған кітаптар» сирек қорының виртуалды көрмесінің кітаптары енеді.
adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар