Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
«Әбіш Кекілбаев аудиториясының есігі күндіз-түні а...

26.11.2016 3865

«Әбіш Кекілбаев аудиториясының есігі күндіз-түні ашық болады» – Ерлан Сыдықов

«Әбіш Кекілбаев аудиториясының есігі күндіз-түні ашық болады» – Ерлан Сыдықов  - adebiportal.kz

Бүгін Еуразия ұлттық университетінің бас ғимаратында Әбіш Кекілбаев аудиториясының тұсаукесер рәсімі болып өтті. Халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев аудиториясының ашылуына ЕҰУ-нің ректоры Ерлан Сыдықов, елімізге белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар қатысты. Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Қаленқызы мен Ерлан Сыдықов бірігіп, осы аудиторияны ұйымдастыруға кең көлемде еңбек етті.

Z09B0020.JPG


Сөз алған ректор Ерлан Сыдықов Әбіш Кекілбаев аудиториясының ашылуы ел тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналып отыр деп мәлімдеді:


«Бұл аудитория жай қатардағы аудитория емес, даналық аудиториясы . Олай дейтін себебіміз, Әбіш әлемі тұңғиық ғарышпен байланысты. Оның барлығын терең бойлауымыз, терең зерттеуіміз керек. Әбіш аға қалдырған құндылықтардың бәрі де жастарға қызмет етуі керек. Олардың рухының күшеюіне және бойына сіңіру біздің мақсатымыз. Осы тұрғыда біздің университетіміздегі бұл ашылған аудиторияның да өзіндік жауапкершілігі бар. Осында білім алатын шәкірттер де, дәріс беретін профессорлар да үлкен жауапкершілікте. Алдағы уақытта бұл даналықтың, ойды қалыптастыратын аудиториясына айналмақ».


Z09B0084.JPG

20161126122503.jpg

IMG_8913.JPG


Жабайхан Әбділдин:

«Мен Әбішті ертеден білемін. Жан-жақты сегіз қырлы деген адамдар бұл дүниеде көп емес. Мысалы, осындай адамдардың бірі ретінде Леонардо да Винчиді айтамыз. Ал енді Әбішпен біз бірге қызмет істедік. Мен оның қарамағында істедім. Сонда менің білгенім – бұл жан-жақты сегіз қырылы, өте білімді адам еді. Әбіш Кекілбаевтың кітаптары, мақалалары, әңгімелері қандай. Мені таң қалдыратыны, мына Шекспирдің «Ромео және Джульетта», «Король Лирді» қазақ тіліне аударған азамат. Қазіргі заманымыздың ең үлкен жазушылардың қатарында лайықты орын алып тұрған бірден-бір жазушы – Әбіш».



IMG_8905.JPG


Осы Орайда Клара апай, Жабайхан Әбділдин мен Ерлан Сыдықов аудиторияны салтанатты түрде ашты.

Зиялы қауымның барлығын таба аласын осы өткен шарада. Келген зиялы қауымның саны шексіз, астаналықтармен қоса Алматы мен Маңғыстау облысынан келген қоғам қайраткерлері Әбіш Кекілбаевты естеріне алып, өз білгендерімен бөлісті.


Z09B0054.JPG

Z09B0061.JPG


Есімдері үлкен Жабайхан Әбділдин, Серік Қирабаев, Қайролла Ережепов, Ғаділбек Шалахметов, Намазалы Омашев, Серік Негимов, Сауытбек Әбдірахманов, Әмен Тұяқов және басқа көптеген ел адамдары қатысты.


Шара барысында ректор Ерлан Сыдықов Журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті Әзиза Сүйінішқалиеваға Әбіш Кекілбаев атындағы стипендияны тапсырды.


Z09B0009.JPG

«Биылдан бастап жүйелі түрде университеттің талаптарына сәйкес таңдаулы деген студенттерімізге Әбіш Кекілбаев атындағы стипендия тағайындалды», -деді ЕҰУ ректоры.

«Бұл мен үшін күтпеген, тосын жағдай болды. Аңызға айналған абыз атамыздың атындағы шәкіртақыны иелену мен үшін үлкен бір қуаныш. Маған сеніп артып, осындай құнды дүниені тапсырып жатқандарыңызға алғысым шексіз. Әбіш атамыздың «жалпақ әлемді өзіне қарату үшін еңалдымен саған рухани ерлік керек, ал жалпақ әлемге еркін қысылмай қарау үшін рухан байлық керек» деген ұлы сөзі бар. Осы ұғымды өзіме өмірлік ұстаным ретінде қараймын», - деді өз кезегінде Әзиза Сүйіншіқалиева.


Z09B0013.JPG


Жиынға белді академик Серік Қирабаев, Парламент депутаты Сауытбек Әбдірахманов, қоғам қайраткерлері Алдан Смайыл, Қайролла Ережепов, Жабайхан Әбділдин және басқа да белді ғалымдар халық жазушысы жайында өздерінің естеліктерімен бөлісті.


IMG_8929.JPG

Ал ақындар Несіпбек Айтұлы мен Светқали Нұржан Әбіш ағамызға арнаған өлеңдерін оқыды.


«Бұл білім берудің жаңа әдістерінің бірі деп білуіміз керек. Университетте бұл жалғыз аудитория емес, оның алдында Абай аудиториясынан бастау алып, ірі тұлғалардың есімдерінің құрметіне беріліп келе жатыр. Жай ғана атауларына тақтайша іліп қою емес, бұл аудитория аталған адамдарың өмірінен, қайраткерлігінен белгі береді. Сонда оқылатын дәстүрлі сабақ беретін ғалым-оқытушылардың жауапкершілігі жоғары болады. Әдемі жасақталған Әбіш Кекілбаевтың аудиториясына кіріп келген елдің бірден байқағаны – мына аудиторияда Әбіштің исісі аңқып тұр еді. Одан артық қандай баға берілуі мүмкін? Студент осы аудиторияға кіріп келіп, бірден Әбіштің иісін сезетін болса, ол азамат рухани бай, жан-жақты қалыптасқан үлкен адам болуына кепіл. Аудиторияның есігі күндіз-түні ашық болады», - деп қорытындылады өз сөзін ректор Ерлан Сыдықов.


IMG_8912.JPG

IMG_8914.JPG

IMG_8940 (1).JPG

IMG_8896.JPG


Ақбота Күзекбай


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар